Достық үйінің концерт залында Журналистер қауымына зор ілтипат көрсетіп, кәсіби мерекелерімен құттықтаған «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Жанар Ильясова еліміздің біртұтаcтығын сақтау жолында шығармашылық қарым- қабілеттерімен қалам тербеп, ақпарат майданында баспасөз құралдарында, телеарна жаңалықтарында, телерадио толқындарында Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне өз үлестерін қосып жүрген облыстық БАҚ өкілдеріне ерекше Алғыс білдіріп, мерекелік лебізін жеткізді.
Атырау өңірінде ұлтаралық келісім мен татулықтың нығаюына айрықша мән беріп, тыңғылықты ақпараттар таратып жүрген Атырау облысы ҚХА Журналистер құрамының мүшелері күні бүгінге дейін атқарып келе жатқан жемісті жұмыстарының нәтижелері бойынша мағұлмат беріп, ой-пікірлерімен де бөлісе отырды.
Мерекелік шара барысында Журналистер қауымы «Қоғамдық келісім» КММ атынан Алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.