«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері Ретро парк саябағында сенбілік ұйымдастырды

Атырау облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді мүшелері «Киелі табиғат» республикалық экологиялық жобасы аясында Ретро Парк саябағындағы жайықтың жағалауына сенбілік ұйымдастырды.

Акцияның мақсаты: табиғат — ырыздықтың, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақинасы екендігін түсіндіру, ластанудан қорғау.

Акцияға «Жаңғыру жолы» ЖҚ белсенділері мен волонтерлары қатысты.

Экологиялық жоба бір ай бойы өтеді. Нәтижесі 25 мамырда жарияланады. Жоба бойынша ақпаратты әлеуметтік желідегі «Киелі табиғат» деп аталатын парақшалардан танысуға болады.

01.05.2021
Қараулар: 671