Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің отырысы Zoom платформасында онлайн өтті.
Іс-шараға облыстық «Алтын шаңырақ» Аналар кеңесінің, қалалық және аудандық Аналар кеңестерінің төрағалары қатысты.
Облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Айсұлу Оразбаева: «Кеңестің белсенді қоғамдық институтқа айналуына септігін тигізген әйел-ана — ол ошағымыздың ұйытқысы, Отанымыздың сақтаушысы, береке-бірлігіміздің алтын діңгегі, ұлттық мәдениетіміздің, отбасы құндылықтарын сақтайтын алтын мәйегі аналар» — деп атап өтті.
Кездесу барысында Аналар кеңесінің төрағаларымен 2021 жылға арналған жұмыс жоспары және Қазақстан халқы Ассамблеясының базалық жобаларды іске асыру бойынша тұжырымдамасының орындалуы барысы туралы мәселелер талқыланды.