«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Атырау қаласында ассамблеялықтар Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай автошеру ұйымдастырды

Мерекелік автошерудің бастамашысы және ұйымдастырушысы Атырау облысы ҚХА «Былина» орыс этномәдени бірлестігі болды.

Жергілікті байкерлер клубынан жиырма автокөлік пен бірнеше мотоцикл жинаған «Былина» этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Кораблев: «Біз бақытты жандармыз, себебі Отанымыздың бейбіт аспаны астында дүниеге келдік, ешқашан зеңбіректер мен жаудырған оқтардың, жарылған бомбалардың даусын естіген жоқпыз.Біз аштық пен суықты білмей , өз жақындарымыздың тағдырына алаңдамай өстік.Бізге, бейбіт өмірдегі балаларға, сол бір зұлмат соғыс жылдарындағы ауыртпалықты сезіну мүмкін емес. Сондықтан, бүгінгі ардагерлерімізге арнап, ешкім де ешнәрсені ұмытпайды деген ұғыммен, бүгінгі мерекелік автошеруді ұйымдастырдық. Бұл Кеңес дәуіріндегі автокөліктер мен мотоциклдерден құралған шеруді, ҰОС ардагерлеріне арнаймыз»-деді.

Атырау қаласының маңынан бастап, Ұлы Отан соғысының символикасы мен ұранымен безендірілген машиналар легі қаланың орталық көшелерімен, сондай-ақ Нұрсая, Алмагүл, Балықшы және Авангард шағын аудандарымен жүріп өтіп, Жеңіс саябағының орталық қақпасында мәреге жетті.

Шара соңында автошеруге қатысушылар Мәңгілік алауға шығып, гүл шоқтарын қойып, Ұлы ерлікке тағзым етті.

 

09.05.2021
Қараулар: 208