Осы атаулы күнге орай ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері Атырау қаласындағы «Интернационалист-жауынгерлер» ескерткішінде гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.
Совет одағы кезіндегі ауған соғысы тарихтағы ең ұзаққа созылған соғыстың бірі болды. Ауған соғысы 9 жылға созылып, оған 22 мың қазақстандық қатысып, оның 900 -ге жуығы Атыраудан шақырылған болатын.
Атырау облысынан Ауған соғысына қатысқан 13 интернационалист-жауынгер ерлікпен қаза тауып, 1 интернационалист-жауынгер іс-түссіз жоғалып кеткен.
Ауған жерінде интернационалдық міндетін орындаған жерлестеріміздің батылдығы мен өжет ерлігін халқымыз мәңгі ұмытпайды! Ол жастардың бойына үлкен патриоттық рух береді.