«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Этносаралық қатынастар саласын дамыту бойынша өткен семинар-тренинг

Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өңірлерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында этносаралық қатынастарды дамыту саласында бірқатар іс-шаралар жұмысын жоспарлаған болатын.

Соның бірі бүгін Нұр-сұлтан қаласында онлайн форматта ZOOM платформасында өтіп жатқан семинар-тренинг.

«Қазақстанның өңірлерінде этносаралық саладағы талдамалық жұмыс» тақырыбы бойынша өтіп жатқан семинар-тренингке барлық өңірлерден этносаралық қатынастар саласындағы уәкілетті органдардың мамандары, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық құрылымдарының өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысуда.

Біздің Атырау облысынан аталмыш шараға Атырау облысы ҚХА «Қоғамдық келісім» КММ басшылары мен қызметкерлері қатысып отыр.

Семинар қатысушылары этносаралық қатынастар саласындағы ҚХА-ның 4 базалық жобасын іске асыру бойынша пікірлер мен ұсыныстарды талқылады. Сондай-ақ, қатысушылар этномәдени орталықтарда мемлекеттік тілді оқыту курстарын ашу жөнінде өз ұсыныстарын білдірді.

29.01.2021
Қараулар: 1828