«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Атырау халқы Қазанмен бірге …. Қайғыра көңіл айтамыз

Бүгін Ассамблея өкілдері Қазан қаласындағы балалар өліміне әкеп соққан жантүршігерлік оқиғаға байланысты Татарстан халқына қайғыра көңіл білдірді.

Этномәдени бірлестік өкілдерінің айтуынша, бұл адам сенгісіз орны толмас қайғы әлемдегі қай адамзат баласын болмасын бей-жай қалдырмайтын оқиға.

«Осындай бейбіт заманда өміріміздің мәніне айналған балалардан айырылып жатырмыз. Оларды алда жарқын, айқын болашақ күтіп тұр еді ғой… Мұндай қатыгездік іс-әрекетті ешқандай жолмен ақтауға келмейді! Қаза болған және зардап шеккен балалардың ата-аналарына қайғыра көңіл айтамыз. Бұл оқиға қай-қайсымыздың да жүрегімізге ауыр тиді. Бекем болыңыздар, біз сіздермен біргеміз!» — деп, көңіл білдірген Аналар кеңесі, этномәдени бірлестік өкілдері, «Жаңғыру жолы» қозғалысының еріктілері Атырау облысы ҚХА Достық үйінің алдында арнайы жасақталған манументке гүл шоқтары мен балалар ойыншықтарын қойды.

12.05.2021
Қараулар: 225