«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Туған жер — тұнған шежіре» тақырыбында «Шежіре күніне» орай іс-шара өтті

Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Наурыз мерекесін тойлау 10 күндік шаралармен жоспарлануда. Тойлану көрінісінің бірі 16 наруыз «Шежіре» күніне Атырау облысы Жылыой аудандық Қоғамдық келісім кеңесі «Туған жердің — тұнған шежіресі» тақырыбында игі іс-шара ұйымдастырды.

Аудандық мұражайда ауданның ақсақалдары мен еңбек ардагерлері жастарға өлкеміздің бай тарихы туралы ақпараттар айтып, аудан шежіресін кеңінен насихаттады.

Бүгінде көркейіп, Атырау облысындағы көрікті қалалардың біріне айналған Кең Жылыой ауданы 1928 жылы құрылған. Аудан орталығы батыр әрі бидің атымен Құлсары қаласы деп аталады. 84 мыңнан аса халқы бар мұнайлы ауданда 20-дан аса ұлт өкілі мекен етеді.

Аталған шараға облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Нұржан Ермұханов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Гүлнафис Жармұханбетова, Мақат аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Шаяхмет Ишанғалиев және Жылыой ауданының құрметті азаматтары мен ел ағалары қатысты.

Аудандық мұражайдан бастау алған шара барысында «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы бойынша 102 жастағы Абдрахманов Абдолла Әбдірахимұлы қарттың үйіне барған ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері мен Жылыой ауданының әкімі Халел Жамалов еңбек ардагеріне арнайы құрмет көрсетіп, Көрісу жоралғысын жасап, иығына шапан жапты.

Жиналған көпшілікке «Халқыма қыдыр дарысын, Елім аман, жұртым тыныш болсын! Ақ мол болсын! Қуанышты күндерің көп болсын, мұңаятын түндерің жоқ болсын!», — деп ақсақал ақ батасын берді.

19.03.2021
Қараулар: 1650