«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Қоғамдағы ананың ролі» атты семинар

ҚХА Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы — тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесінің негізі» тақырыбы аясында «Қоғамдағы ананың ролі» атты семинар, Атырау инженерлік-гуманитарлық институты колледжінде, қалалық аналар кеңестері, колледж оқытушылары, Қоғамдық келісім кеңесінің өкілдерімен болып өтті.

Атырау облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Айсұлу Оразбаева жуырда Нұр-Сұлтан қаласында өткен Республикалық Аналар кеңесінің екі күндік семинарына қатысып, семинарда айтылған көкейкесті мәселеелр мен, Аналар кеңесінің мәртебесін көтеру мақсатында ұсынылған жобалар туралы ой бөлісті.

Облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің және Атырау облысы Әкелер кеңесінің төрағасы Нұржан Ермұханов «Отбасындағы әкенің ролі, олардың жауапкершілігі мен міндеттері, әке мен ұрпақ арасында байланыс туралы, осы бағытта аудандарда, қаладағы әкелер кеңестерінің атқарып жатырған жұмыстары туралы айтып, Аналар мен Әкелердің біріге жұмыс жасауына ұсыныс жасады.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институы колледжінің директоры Мақсат Өсербаева колледждегі қоғамдық істер соның ішінде қыз балалар тәрбиесіне аса мән беріп отырғандықтарын, колледждегі ұқыздар кеңесінің ашылғандығын, жұмыстары туралы айтып өтті.

29.06.2021
Қараулар: 426