«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Сәбилерге аналық мейірім мен қайырымдылық қолдау көрсетілді

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау облысы ҚХА Аналар кеңесінің қолдауымен Атырау қалалық Аналар кеңесі «30 игі іс» акциясы аясында Атырау қаласындағы «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-сіне қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Атырауда төрт жасқа дейінгі балаларға арналған сәбилер үйі жұмыс істейді. Мұнда ата-анасы әртүрлі себеппен уақытша бағымға берген жөргек жасынан төрт жасқа дейінгі 20-дан астам бала тәрбиеленіп жатыр. Арасында жасқа толмаған сәбилерде бар.

Сәбилерге жергөктер, жемістер, тәттілермен қайырымдылық көрсеткен қалаға қарасты ауылдық округтартарының Аналар кеңестері мен қалалық аналар кеңесінің төрайымы Шынар Жұпқалиева: «Қай анада ұрпағының жақсы болғанын, жамандық көрмей бақытты болуын қалайды ғой. Ал мына сәбилер үйі қамқорлықты, мейірімділікті сағынатын бейкүнә балалар. Десек те, өз атымыздан мереке қарсаңында, аналық жүрегімізбен кішкене де болса да, қамқорлығымызды білдіру мақсатында Аналар кеңесі атынан сыйлығымызды алып, ұрпақтарымыз еш қиындық көрмесін, елімізде жақсылық, тыныштық болсын, бақытты ұрпақ көбейсін» — деген жылы лебізін білдірді.

01.05.2021
Қараулар: 735