«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Атырау облысы ҚХА жастары Жастар қанатының жұмысын жандандыру бойынша семинар-тренингке қатысты

«Қоғамдық келісім» КММ-сі «Жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыру» жобасы аясында «Этносаралық қарым-қатынас мәдениеті және толеранттылық» тақырыбында семинар-тренинг жұмысын ұйымдастырды.

Тренингке қатысқан Атырау облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің Жастар қанатының көшбасшылары өз пікірлерін ашық және еркін білдіре отырып, ҚХА жастары қызметінің негізгі бағыттарын талқылады. Фасилитациялау арқылы жастар ҚХА Жастар қанатының тиімді жұмысының ортақ идеяларын жасап, келесі жобалар бойынша Жол картасын жасады.

1. Достық Үйінде жастардың бос уақытын өткізу Орталығын құру

2. Қала жастарын тарта отырып, қала бойынша квесттерді ұйымдастыру

3. Креативті команда құру (ҚХА жастар қанатының іс-шараларын әзірлеу және іске асыру).

ЭКО әдістемелік жұмысы бойынша Коуч-тренер Ирина Горбаченко ҚХА жастары идеяны дамытуға жауапкершілікпен қарап, алдағы уақытта жобаларды іске асыру бойынша жұмысты жалғастыратынын атап өтті.

Өз тарапынан, жастар тренингін ұйымдастырушылар, Жастарға тренингке қатысып, ерекше атсалысқандары үшін алғыс білдіріп, осындай іс-шаралардың әлі де жалғасатынын айтып өтті.

30.07.2021
Қараулар: 302