«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ассамблея өкілдерінің қатысуымен Жылыой, Махамбет аудандарында «Азаматтық біртектілік — менің ұстанымым» тақырыбында семинар-тренинг өтті

Семинарда «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Зураб Бобохидзе 28 сәуірде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIХ сессия жұмысы туралы жан-жақты ақпарат берді.

Сондай-ақ, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Ғылыми-сараптамалық және бақылау бөлімінің бөлімінің басшысы Гүлден Еспанова этностардың қоғамдағы жағдайы, соның ішінде, аудан этностарының ерекшеліктері, этносаралық қатынастардың дамуы туралы баяндап берсе, Этномәдени бірлестіктермен және қоғамдық көпшілік шаралармен жұмыс бөлімінің басшысы Айнұр Халимова қазақстандықтардың бiртектiлiгiн нығайтуға, қоғамның бүтiндiгiн қалыптастыру үшiн жағдай туғызатын ҚХА-ның бүгінгі жұмыстарының негізгі бағыттары туралы баяндады.

Семинар барысында Ғылыми-сараптамалық және бақылау бөлімінің бас сарапшысы Жаннат Асабаева тындаушылармен «ұлттық сәйкестілік», «тұлғалық біртектілік», «азаматтық біртектілік» ұғымдарды талқылап, тренинг ұйымдастырды.

Нәтижесінде, қатысушылар біздің құндылықтарымыз, жеке адамдардың бостандықтары мен құқықтары, азаматтардың этникалық тегіне, дініне, т.б. қарамастан тең мүмкіндіктері бар екенін және Отанымыздың болашағы мен бүгінгі мүддесі жолында бірігуімізге, біртұтас халыққа айналуымызға ықпал ететіні туралы оң пікірге келді.

Жалпы семинар жұмысына Жылыой, Махамбет аудандарындағы этнос өкілдері, жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, Аналар және Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, Ардагерлер кеңесі және аудан жастары мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің мамандары қатысты.

17.05.2021
Қараулар: 552