«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Біз Ұлы Отан соғысын ұмытқан жоқпыз!

Осындай атаумен Достық үйінде 9 мамыр Жеңіс күніне орай «Светоч» славян этномәдени бірлестігі мен Орыс, славян, казактар бірлестігі қауымдастығының Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.

Әскери киім үлгілерімен соғыс жылдарындағы әуендерді нақышына салып әсем орындаған, ерекше бейнеде көрініс көрсеткен, әуезді би билеген «Арабеск» би мектебінің бишілері мен «Камелия» вокалдық студиясының өнерпаздары мерекелік шараның сәнін ашып, көрермендерді тәнті етті.

Сонымен қатар Атырау қаласындағы «Вершина» демалыс орталығының қолдауымен өткен танымдық-мерекелік шара барысында сұрапыл соғыстың зардабынан қайғы-қасірет шеккен аналардың мұңы мен бақытты балалық шақты аңсаған сәбилер мен балақайлардың үні Жеңіс күнін жақындатып, адамзат баласы аңсаған нағыз ұлы Жеңіске жетуді шеберлікпен сомдап шықты.

09.05.2021
Қараулар: 214