«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
"Мектептер мен Жоғары оқу орындарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары"

2019 жылдың 12 сәуірінде Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Былина» орыс этномәдени бірлестігі және университеттің орыс филология кафедрасының ұйымдастыруымен «Мектептер мен Жоғары оқу орындарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараның мақсаты - мектептер мен жоғары оқу орындар арасында өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту.

Аталған шараға «Қоғамдық келісім» КММ-нің өкілдері, «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы А.Кораблев, орыс филология кафедрасының оқытушылары, Атырау қаласының №30 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары, №17 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары және Атырау мемлекеттік университетінің орыс тілі мен әдебиеті бойынша күндізгі оқу бөлімінің 4 курс студенттері қатысты.

Шара барысында №30 мектеп-гимназиясының, №17 мектеп-лицейінің оқытушылары мен жоғары оқу орнының орыс филология кафедрасының оқытушылары, университеттің орыс тілі мен әдебиеті бойынша күндізгі оқу бөлімінің 4 курс студенті Кристина Плотебнева баяндамалар оқып, білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудегі әдістемелік басқару әрекеттері, сондай-ақ болашақ мамандардың педагогикалық практикадағы шығармашылығы және қазіргі жаңартылған білім жүйесіндегі маңызды ақпараттарды жан-жақты талқылады, пікіралмасты.

Сондай-ақ, университеттің 4 курс студенті Кристина Плотебнева педагогикалық практика барысында өткен мектептегі іс-тәжірибесімен ой бөлісіп, студенттерге тың серпін берді.

 

Научно-исследовательская работа в школе и вузе Научно-исследовательская работа в школе и вузе Научно-исследовательская работа в школе и вузе Научно-исследовательская работа в школе и вузе Научно-исследовательская работа в школе и вузе Научно-исследовательская работа в школе и вузе Научно-исследовательская работа в школе и вузе Научно-исследовательская работа в школе и вузе Научно-исследовательская работа в школе и вузе Научно-исследовательская работа в школе и вузе
15.04.2019
Қараулар: 2944