«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ұлы Жеңіске 76 жыл! Отан үшін от кешкен ардагерлерге тағзым!

Ұлы Отан соғысының 76 жылдығына орай Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестік өкілдері бүгін Ұлы Отан соғысының ардагерлерін барып тағзым етіп Ұлы жеңіс күнімен құттықтады.

ҚХА этномәдени бірлестіктердің әншілері, әсери музыканттар, жауынгерлер 3 ардагердің шаңырақтарына барып мерекелік тосын сый жасап, әскери әндерді орындап, би биледі.

«Бүгінгі күн біз үшін - өшпес ерлік, шексіз қаһармандықтың тарихи күні. Ұрыс майданында жаңқияр ерлік танытқан ата-бабаларымызға, ардагерлерімізге бас иіп тағзым етеміз! Келешек ұрпағына бейбіт өмір сыйлау жолында жау соққысына төтеп берген ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Рухты жауынгерлеріміздің аты ешқашан өшпейді. Әрбір отбасы үшін бүгінгі мереке ерекше қастерлі»-деді этномәдени бірлестік мүшелері. Мұндай сыйлық ҰОС ардагерлері үшін жағымды тосын сый болды. Көз жасын сүрткен ардагерлер музыканттарға шын жүректен ризашылықтарын білдіріп, батасын берді.

Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Атырау облысы ҚХА ұйымдастырылған шараға облыс әкімі М.Досмұхамбетов, қала әкімі Қайрат Оразбаев, облыстың және қаланың Ардагерлер кеңесінің төрағалары, Ауған соғысы ардагерлер кеңесі мүшелері қатысып, ардагерлерді құттықтады.

Құттықтау рәсімінен кейін, Гурьев (Атырау) қаласындағы госпитальдарда жараланудан қайтыс болған Қызыл әскер жауынгерлерінің бауырлас зиратына барып гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен тағзым етті.

09.05.2021
Қараулар: 740