«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Отбасы жарастығы» кітабы өз оқырманына жол тартты

Бүгін Достық үйінде Наурыз мерекесіне орай «Игі істер күні» акциясы аясында Атырау облысы Мақат ауданының Құрметті азаматы, ардагер ұстаз, Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Дәмен Алтаеваның «Отбасы жарастығы» атты кітабының алғаш тұсау кесер рәсімі өтті.

«Елсана» руханият патриоттық Қауымдастығымен бірлесе ұйымдастырылған іс шараға этномәдени бірлестік өкілдері, «Елсана» руханият-патриоттық қауымдастығының мүшелері, зиялы қауым өкілдері, ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері қатысты.

49 жыл бойы абыройлы ұстаздық қызмет атқарған Дәмен Алтаева жас ұрпақ тәрбиесіне саналы ғұмырын арнады. Ұстаздық еңбек жолында отбасылық өмір жарастығы, бала тәрбиесі, ата-ананың қадірі, адами құндылықтар мен имандылық қасиеттер туралы ой-деректер жинап, өмірлік азығына айналдыра білді.

Бүгінде тынымсыз шығармашылық еңбектің нәтижесінде ұлағатты ұстаздың «Ата-ана қадірі», «Өзін-өзі тану», «Баланың бас ұстазы ата-анасы», «Отбасы бақыты» кітаптары мен көптеген жинақтары өз оқырманының жүрегінен орын тапты.

Кітап авторының айтуынша, бұл еңбек «Отбасы бақыты» кітабының жалғасы іспеттес, Өйткені, қоғамда маңызды орын алатын отбасылық өмірде ұлды нарға, қызды арға теңеген қазақ халқы қашанда отбасының жылулығы мен берекесіне, татулығына ерекше мән берген. Сондықтан «Отбасы жарастығы» кітабым да көпшілік көңілінен шығып, өз оқырманын тапса, нұр үстіне нұр болар еді деді.

Кітаптың тұсау кесер рәсімін жасаған «Елсана» руханият патриоттық Қауымдастығының Президенті Нұрберген Дәулетов пен Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Нұржан Ермуханов және шараға қатысушы қонақтар кітап авторына шығармашылық шыңдаулар мен жетістіктер тіледі.

 

19.03.2021
Қараулар: 1659