«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ерлікке тағзым етеміз!

Наурыз мерекесі қарсаңында «Шежіре күні» және «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында Атырау облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері облысымыздағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің шаңырақтарында болып, ардагерлерге деген өз құрметтерін көрсетті.

Бүгінде Атырау облысында жастары 100-ге келген және 100 жасты алқымдаған 3 соғыс ардагері бар. Олар: Көптілеуов Тұраш, Сұлтанов Зәкәрия және Айбаров Айдын.

Соғыс ардагері Көптілеуов Тұраш 18 жасында соғысқа аттанып, Белоруссия майданында соғысқан. Ал Сұлтанов Зәкәрия 3-ші Белоруссия майданының 31-ші армиясының 131-ші атқыштар дивизиясының шаңғы батальоны құрамында, сондай-ақ 3-ші Белоруссия майданының 191-ші атқыштар дивизиясының Немендік атқыштар полкінде Отанды азат ету ұрыстарына қатысқан.

«Мұндай ерлік ұмытылмақ емес, әр адамзат баласының жүрегінде мәңгі сақталуы тиіс, Біз, жастар осы адамдардың ерлігін жадымызда ұстаймыз әрі мақтан етеміз!», — деп ерекше сезімін жеткізген жастар қозғалысының белсендісі Қуаныш Юсупов, ардагерлердің ерліктеріне тағзым етіп, ұзақ ғұмыр тіледі және Ассамблея атынан естелік сыйлықтарын табыстады.

18.03.2021
Қараулар: 1766