«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Бақытты балалық шақ мерекесі!

Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында украиналық «Довира» ЭМБ «Бақытты балалық шақ мерекесі» қайырымдылық акциясын өткізді.

Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың сөзін негізге ала отырып, тарих пен ұлттық дәстүрді, ұлттық-мәдени тамырды сақтай отырып, ҚР азаматтарының санасын жаңғырту назардан тыс қалмайды. «...Бұл-халықтың өткені, бүгіні және болашағының көкжиегін жалғайтын тұғырнама». Атап айтқанда, балаларды мәдениетті тәрбиелеу арқылы біз болашаққа сеніммен қарай аламыз.

Сондықтан «Довира» ЭМБ болашақ ұрпаққа назар аудара отырып, мәдениетті бағалауға үйретеді, шығармашылық арқылы балаларды мемлекеттік патриотизмге тәрбиелейді және еліміздің салт-дәстүрлерін сақтауға үйретеді.

Бүгін балаларды қорғау күніне орай облыстық балаларды бейімдеу орталығында, бірлестік балаларға арнап әртүрлі ойын-сауық ойындары мен қызықты байқаулар ұйымдастырды. Сыйлықтар мен тәттілер тарту етті. Top_dance_kz және Атырау Тропикананың мектеп-студиясының би топтары өздерінің өнерлерімен балаларды қуантты. Балалар жас әртістердің өнерлерін жылы ықыласпен қабылдады.

Іс-шара соңында балаларды бейімдеу орталығының директоры Г .Бижанова А. «Довира» ЭМБ ұжымына Алғыс хат табыстап, құрметті қонақтарға жақсы өнерлері үшін алғыс білдірді, әрбір осындай сапар балаларды қуантатынын, оларға отбасылық ошақтың жылуы мен жайлылығын сыйлайтынын атап өтті.

Халықаралық балаларды қорғау күні-бұл балаларға қамқорлық көрсету мерекесі, бұл олардың осы әлемде қаншалықты маңызды, сүйікті және қайталанбас екенін көрсетеді. Ересектер балаларға әрдайым қамқорлық, сүйіспеншілік пен көмек қажет екенін ешқашан ұмытпауы керек, өйткені олардың өркендеуі осыған байланысты.

#ассамблеяНародаКазахстана
#деньзащитыдетей
#экоДовира
#Атырау
#Благотворительнаяакция
#творидобро

01.06.2021
Қараулар: 94