«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Атырау облысы ҚХА өкілдері қалалық перзентханада аналарды Домбыра күнімен құттықтады

Бүгін 1 шілде Ұлттық Домбыра күніне орай Атырау облысы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Алмагүл ықшам ауданындағы қалалық перзентханада мерекелік іс-шара аталып өтті. Облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Айсұлу Уразбаева мен Облыстық Әкелер кеңесінің төрағасы Нұржан Ермұқанов дүние есігін жаңа ашқан сәбилеріміз бен жас аналарымызға арнап арнайы сый-сыяпат көрсетіп, Атырау облысы ҚХА атынан игі тілектерін жолдады.

Ассамблея өкілдері алғаш ана бақытына бөленген 10 жас анаға жөргөктер табыстаса, көпбалалы ана Сымбат Орашеваға қазақтың қасиетті қара домбырасын сыйға тарту етті.

Аналар кеңесі атынан Айсұлу Оразбаева ұлттық мәдениетіміздің символы болған домбыра аспабы әр қазақтың киелі шаңырағынан орын алады деп тілек білдірсе, қасиетті, қазыналы домбыра үні дүниеге келген сәбилеріміздің жарқын болашағына әсері мол болмақ деген ниетпен көпбалалы әке Нұржан Ермұқанов «Еркесылқым» күйін орындап берді.

Мұндай игілікті іс-шаралар акциясы Атырау өңірінің аудандарында да жалғасын тауып, аудандық Аналар кеңестерінің жетекшілері дүниеге сәби әкелген аналарымызға аналық ақ тілектерін білдіріп, ұлттық аспапты салтанатты түрде табыс етті.

01.07.2021
Қараулар: 372