«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ассамблея өкілдері РЕТРО ПАРК саябағында тал көшеттерін отырғызды

Сәуір айының тамаша ауа райында жексенбілік жүргізген этномәдени бірлестік өкілдері, Жаңғыру жолы белсенділері, тіпті кішкентай бүлдіршіндерге дейін ағаш отырғызу жұмыстарын қолға алды. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 1 мамыр Қазақстан халықтарының Бірлігі күні мерекесі қарсаңындағы игілікті іс шараға барлық бірлестік өкілдері бір кісідей жұмылды.

15 түрлі тал шыбықтарын отырғызып, әрқайсысына бірлестік атауын қалдырған ассамблялықтар гүлзарлар бағын «ДОСТЫҚ АЛЛЕЯСЫ» деп атады. Қаламыздың көркеюіне аса мән берген ассамблея өкілдері алдағы уақытта отырғызылған жас көшеттер бүршік жарып, үлкен жасыл аймаққа айналары сөзсіз.

Сондай-ақ, бұл бастама әлі де жалғасатын болады деді.

19.04.2021
Қараулар: 1611