«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аналар кеңесі мен медиация өкілдері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған аналармен дөңгелек үстел өткізді

«Қоғамдық Келісім» КММ медиаторлары мен Атырау облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге арналған дағдарыс орталығында Атырау қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Медиация — тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етудің тиімді тетігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кездесудің модераторы «Қоғамдық Келісім» КММ бас эксперті Гульнафис Жармуханбетова болды.

Кездесудің мақсаты: медиацияның мәні мен рөлі туралы әңгімелеу, дағдарыс жағдайындағы әйелдерге консультативтік-психологиялық қолдау көрсету.

Кездесу барысында отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері, отбасылық құндылықтардың маңыздылығын түсіну, жанжал мен даулы мәселелерді шешуде тиімді механизм ретіндегі медиация рөлі туралы айтылды.

«Халықаралық медиация орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі кәсіби медиатор Гүлбаршын Марданованың айтуынша, адамдар арасында түсініспеушілік туындаған кезде, ең алдымен, медиатордың көмегі қажет. Неге келіспеушіліктер туындайды? Адамдардың әртүрлі өмірлік жағдайларға көзқарасы әртүрлі болғандықтан. Бұл, өкінішке орай, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, ажырасуға әкеп соқтырады. Мысалы, Атырау облысында жыл басынан бері 198 отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты ажырасу туралы арыз берген, оның 23-і мигранттар. Бұл өте маңызды мәселе. 1 күнде 30-40 өтініш беріледі. 5 күнде біз 2 отбасын татуластыра аламыз. Отбасында ажырасуға әкелетін қиын жағдайларды болдырмау үшін, сіз баланың жанжалдарды естуіне жол бермей, бір-біріңізге төзімділікпен қарауыңыз керек. Егер адамдар осындай қағидаларды ұстанса, отбасында үйлесімділік салтанат құрар еді, — деп қорытындыладыөз ойын.

Дағдарыс орталығында тұратын әйелдердің өзекті мәселелері, соның ішінде жұмыссыздық проблемалары туралы әңгімелеген Аналар кеңесінің төрағасы Айсұлу Уразбаева бұл мәселені шешуге көмектесемін деп уәде берді. Ол әйелдердің біріне өз кәсіпорнынан жұмыс ұсынды. Медиаторлар мен аналар кеңесінің өкілдері бір шаңырақ астында бейбітшілікті, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді жақтайтындығын білдірді.

Медиация бойынша сарапшы Л.Джайлаубаева айтқандай, «Қоғамдық келісім» КММ оннан астам осындай кездесулер, ашық есік күндері мен семинарлар өткізуді жоспарлап отыр, оның ішінде мектеп мұғалімдері мен психологтарымен, балалар мен жасөспірімдермен іс-шаралар өткізу көзделген.

19.02.2021
Қараулар: 1651