«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Колледж студенттері 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай грузин халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін таныстырды

Атырау облысы ҚХА «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінде

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік — Единство» этнофестивалі өтті. Түрлі этнос жастарынан құралған колледж студенттері мерекелік шарада грузин халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін таныстырып, өнерін ортаға салды. Сондай-ақ, фестивальға қатысушылар грузин халқының «Хачапури», «Долма» ұлттық тағам түрлерінің қалай дайындалатынын айтып, көпшілікке ұсынды.

Ал, «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Зураб Бобохидзе барша қазақ еліне құттықтау лебізін онлайн форматта жолдады.

Аталмыш оқу орнында бүгінде 12 түрлі ұлттың этнос жастары білім алуда. Бірлік пен татулықты адамгершілік, адалдық сынды ізгі қасиеттермен бірдей жоғары бағалайтын жастардың туған жеріне деген патриоттық рухын бүгінгі өткен мерекелік шарадан айқын байқауға болады.

Бірлескен шара соңында «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері Ассамблея атынан мерекеге ерекше атсалысып, белсенділік танытқан студенттер ұжымын Дипломмен және 25 мың теңге көлеміндегі сертификатпен марапаттады.

01.05.2021
Қараулар: 739