«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ту тұтастық пен бірліктің белгісі

Бүгін мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. 2007 жылдан бастап қазақстандықтар бұл күнді мерекелей бастады.

Мемлекеттік ту, елтаңба және әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады. Олар — мемлекеттің мызғымас негізінің бірі, тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі. Сондай-ақ бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі. Атаулы мерекемізге орай, Атырау облысы ҚХА Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚХА Аналар кеңесінің республикалық акциясы шеңберінде "Ту тұтастық пен бірліктің белгісі" атты флэшмобын ұсынады.

#Менің рәміздерім;
#МеніңТуым;
#Менің Қазақстаным;
#Рәміздер күні

04.06.2021
Қараулар: 477