Атырау қаласының Ш.Сариев атындағы көркем және сәндік-қолданбалы өнер мұражайында 1 наурыз Алғыс айту күніне орай этномәдени бірлестіктерінің көрмесі өтті.
Көрмені ұйымдастырушылар Алғыс айту мерекесінің маңыздылығы мен тарихы туралы кеңінен мағұлмат беріп, қиын-қыстау кезеңнен өтіп, Тәуелсіздігімізге қол жеткізген Қазақстанның даму жолында бұл мерекенің еліміздегі халықтардың бір-біріне деген сыйластықтарын арттыруда маңызы зор екенін жеткізді. Сондай-ақ, бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі толеранттылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуда зор ықпал ететінін тілге тиек етті.
Сәні мен салтанаты жарасқан көрмені аралап, қызықтаған қатысушылар татар-башқұрт және неміс халықтарының сәнді қолөнер бұйымдарын, керамикалық заттары мен ұлттық бұйымдарын, суреттерін тамашалады.
Шара соңында мұражай қызметкерлері қатысушыларға экскурсия жүргізді.