«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Атырау облысында медиация институтын дамыту бойынша өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қою рәсімі өтті

Бүгінде «Медиация» сөзі қоғамда, халық арасында кеңінен танымал болды. Медиация тəсілі сот ісіндегі рухани тазалықты, əділ төрелікті, татуластықты қамтамасыз ететін негізгі тəсілдердің бірі. Медиация бітімгершілік деген үғымды білдіреді. Яғни, кез келген мəселе бойынша тараптар арасында келіспеушілік туған жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалар оны соттан тыс, өзара келісім жағдайында бітімгершілік жолымен шеше алады.

Қазіргі таңда осы бағытты ұстанған Қазақстан халқы ассамблеясы «Қоғамдық келісім» КММ-сі «Медиация туралы» заңды басшылыққа ала отырып, сот өкілдерімен тығыз байланыс орнатуда.

Атырау қалалық сотының ғимаратында Атырау облысындағы медиация институтын дамыту бойынша Атырау қалалық соты мен Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімін өткізді.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңын, «Алқабилер туралы», «Медиация туралы» және тағы басқа Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алып, екі жақты келісілген Меморандумға қол қойған Атырау қалалық сотының төрағасы Жасұлан Жақсылық пен «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Жанар Ильясова бұл маңызды құжат дауларды сотқа дейін реттеу институтын, оның ішінде қоғамдағы жанжалдар деңгейін төмендетуге ықпал ететін медиация институтын жан-жақты енгізу және дамыту бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде бірлескен іс-шараларды іске асыру, облыста тұратын өзге ұлт өкілдері арасындағы татулықты, бірлікті, ынтымақтастықты нығайту, ерлі-зайыптылар арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, алғашқы тегін психологиялық көмекті ұйымдастыру, отбасылық өмір құндылықтарын насихаттау мәселелерін шешу болып табылады деді.

06.04.2021
Қараулар: 1648