«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ «ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ-ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ» ОНЛАЙН БАЙҚАУЫНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

«Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен қалалық мектеп оқушылары арасында 15-25 сәуір аралығында «Тілге құрмет — елге құрмет» онлайн байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты — мемлекеттік тілді насихаттау және қолданылу аясын кеңейту.

Мереке қарсаңында «Тілге құрмет — елге құрмет» онлайн байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Жалпы байқауға түрлі этнос өкілдерінен 12 оқушы қатысты. Комиссия құрамы мүшелерінің шешімі бойынша 1 орынды № 31мектеп гимназиясының оқушысы әзірбайжан ұлтының өкілі Тажиева Наргиз ( сертификат 30 000 теңге), 2 орынды №16 мектеп-лицейінің оқушысы татар ұлтының өкілі Мустафаева Диана ( сертификат 20 000теңге) иеленсе, 3 орынды №5 орта мектептің оқушысы орыс ұлтының өкілі Мухаева Милора және «Тағылым орта мектебінің оқушысы иорданец ұлтының өкілі Аль-Деек Набиль ( сертификат әрқайсысына 10 000 теңге) бөлісті. ал 8 оқушы белсенді қатысқаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

01.05.2021
Қараулар: 762