«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Достық үйінде этномәдени бірлестіктерге көмек беретін әдістемелік орталық ашылды

Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен этномәдени бірлестік өкілдеріне ресурстық, мәдени, әдістемелік тұрғыда көмек беретін әдістемелік Орталық ашылды.

Орталықтың ашылуына айрықша ықпал еткен Ғылыми-сараптамалық топ мүшесі, «Қоғамдық келісім» КММ-нің бас сарапшысы Жанат Асабаеваның айтуынша, әдістемелік орталық этномәдени бірлестіктерге инновациялық бағытта көмек беріп, ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жобалардың іске асырылуын жүзеге асырады.

Сондай-ақ, этносаралық қатынастарды реттеуде, Ассамблея институтын нығайту жолында ЭМБ- нің аккредиттеу жұмыстарына бағыт-бағдар береді.

Шара барысында өз ұсыныс-пікірлерін білдірген бірлестік жетекшілеріне, Ассамблея өкілдеріне жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы іскерлік ойындар ұйымдастырған ЭМБ-нің әдістемелік жұмыстары бойынша коуч -тренері

Ирина Горбаченко қоғамдық келісімді нығайтуда бірлескен жұмысты жандандыру үшін қандай механизм түрлерін қолдануға болатынын жан-жақты айтып, практикалық жұмыстар жүргізді.

29.06.2021
Қараулар: 435