«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Достық үйінде журналистер клубының отырысы өтті

Достық үйінде Атырау облысы ҚХА Журналистер клубының кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде 2021 жылға арналған медиа-жоспар мен Журналистер клубының жұмыс жоспары қаралып, талқыланды.

Клуб мүшелері биылғы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай атқарылатын іс-шараларға және этносаралық қатынастарды дамытуда маңызды орын алатын атаулы мерекелерге жан-жақты тоқталып, талдау жасады.

Журналистер клубының мүшесі, облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің ардагер тілшісі Любовь Монастырская:

Қазақ жерінде өз кәсібімен ел құрметіне бөленіп, ұзақ жылдар бойы еңбек еткен өзге ұл өкілдері туралы мағұлматтарды және интернационалды отбасылардың қызықты оқиғасы туралы деректерді жинап, көбірек ақпараттандырсақ, жұмыс жоспарына жүйелесек — деген, өз ұсынысын білдірді.

Сондай-ақ, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Жанар Ильясова қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуда республикалық бірыңғай тұжырымдаманы басшылыққа алып, БАҚ жұмысының функционалдық басымдықтарына мән беріп, жұмыс жүргізілуі қажет деп, өз ойын білдірді.

Отырыс барысында Баспасөз бөлімінің басшысы Ляззат Есеналиева Атырау облысы ҚХА Баспасөз қызметінің жұмысы туралы презентация жасап, соңғы үш жылдағы атқарылған іс-шаралардың есебі мен статистикалық көрсеткішін берді.

29.01.2021
Қараулар: 1720