«Донор бол — қан тапсыр» акциясына 50-ге жуық қала тұрғындары қатысты
Атырау облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы белсенділерінің ұйымдастыруымен «Атырау облыстық қан орталығы» мекемесінде «Донор бол - Қан тапсыр» акциясы өтті.
Акцияға әр түрлі сала қызметкерлерінен 50-ге жуық қала тұрғыны қатысты. Оның ішінде 38 адам донор болып, 19 л қан тапсырды. Қан тапсырған донорларға арнайы тәттілер таратылды. Донорлар тапсырған қан хирургиялық аурулар, гемотологиялық, гинекологиялық ауруларға және қанға мұқтаж жандарға құйылады.
26.04.2021
Қараулар: 1556