«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Жеңіс күнінде украиндықтар қайырымдылық іс-шара атқарды

9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында «Довира» украин этномәдени бірлестігі «30 игі іс» қайырымдылық акциясына орай Атырау облысының белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығында және облыстағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында қайырымдылық іс -шарасын өткізді.

Балалар мен ересектерге қайырымдылық қолдау көрсетіп жүретін украиндықтар әдеттегідей екі орталыққа барып, азық-түлік пен басқа да қажетті заттарды апарып, мейірімге, жылулыққа зәру жандардың көңілін көтеріп, бір серпілтіп тастады. Сондай-ақ, көпбалалы ана Елена Придановаға да өз қамқорлықтарын көрсетті.

 

09.05.2021
Қараулар: 237