«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Бірлік күнінде өзбек халқының салт-дәстүрлері дәріптелді

Атырау облысы ҚХА «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен өткен «Бірлік — Единство» этнофестивалінде Атырау қаласындағы Қ.Дүтбаева атындағы педколледж студенттері өзбек халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін ерекше сипатта көрсетіп шықты.

Үйлену тойының дәстүрін сомдаған студент жастар өзбек биін де нақышына келтіре тамаша орындады. Ұлттар достығын дәріптеген мерекелік шарада жастардың бойынан отаншылдық рух пен патриоттық сезім байқалды.

Мерекелік шараның көркін ашқан өнерлі студенттер ұжымы Ассамблея атынан Дипломмен және 25 мың теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды.

01.05.2021
Қараулар: 734