«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Достық үйінде «Жанжалдарды шешу өнері» тақырыбында Ассамблея өкілдерімен тренинг өткізілді

Бүгінде елімізде ұлтаралық келісім мен татулықта өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстар арасында ынтымақ пен бірлік берік орныққан.

Соған қарамастан, ұлттар арасында қақтығыстардың орын алуына әкеп соқтыратын кейбір арандатушылық әрекеттер қоғамда басылмай отыр.

Осы мақсатта өткен тренинг жұмысында қатысушылар этносаралық ахуалға теріс әсер ететін арандатушылық өтініштерге немесе іс-әрекеттерге жол бермеу, түсінік жұмыстарын жүргізу, түсіндіру және алдын алу бойынша өзара пікірлесіп, ұлтаралық қақтығыстардың орын алуына себеп болатын жағдайларға тоқталып өтті. Күнделікті өмірде, қоғамда, тіпті жұмыс орнында туындайтын қақтығыстардың түрлеріне де жан-жақты мысалдар келтірді.

Тренингті жүргізген «Қоғамдық Келісім» КММ-нің бас сарапшысы Жанат Асабаева қатысушыларға қақтығыстар орын алған жағдайда қандай әрекет қолдану жолдарын практика жүзінде саралап көрсетті. Әр қатысушы топ өзіндік ой-пікірін білдіріп, топтық жаттығулар, рөлдік ойындар, мультипликациялық фильмдерді көру арқылы түрлі тапсырмаларды жіті орындады.

Тренингке ерекше атсалысқан «Еділ Жайық» этномәдени бірлестігінің төрағасы Қазақбай Бекмұратов, Қазақстан түріктері қоғамы Атырау облыстық филиалы төрағасы Абубакир Мурадов, «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Зураб Бобохидзе ұлтаралық қақтығыстардың қоғамда жиі орын алуы ең біріншіден адами құндылықтардың төмендігінен, сыртқы факторлардың кері әсер етуінен болады деп пайымдаса, «Жаңғыру жолы» белсенділері Куаныш Юсупов, Тайыр Батыргали қандай жағдай болмасын кез келген қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге жол таба білу керек деп ой түйді.

02.04.2021
Қараулар: 1649