«Қоғамдық келісім» КММ
Атырау облысы әкімі аппараты
  Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қазақстан халқының ұлттық тағамдарының онлайн байқауы өз мәресіне жетті

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Достық үйінде Қазақстан халқының ұлттық тағамдарының онлайн байқауының марапаттау рәсімі өтті.

«Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен әлеуметтік желі арқылы Атырау тұрғындары арасында 15-30 сәуір аралығында өткен Қазақстан халқының ұлттық тағамдарының онлайн байқауының мақсаты — этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдарын жаңғырту.

Байқау шарттары бойынша қатысушылар ұлттық тағамдарды кезең-кезеңмен дайындап, ауызша сүйемелдеумен бейнеролик арқылы жолдады. Байқаудың қорытындысы әлеуметтік желілерде дауыс беру жолымен анықталды.

Қорытындысында қазақ халқының «Жау жүрек» тағамы — 199 дауыс (лайк), өзбек халқының «Палау» тағамы — 62 дауыс (лайк), татар халқының «Чак-чак» тағамы — 30 дауыс (лайк), ұйғыр халқының «Лағман» тағамы — 16 дауыс (лайк), татар халқының «Гаробия» тағамы — 14 дауыс (лайк) жинады.

Барлық жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар мен дипломдар табысталды.

01.05.2021
Қараулар: 701